Bank of China Kazakhstan - Қытай юаньдарымен операциялар

Қытай юаньдарымен операциялар


Тұтынушыларға сапалы қызметтер көрсету үшін және олардың әртүрлі есептеулердегі қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, 2010 жылдан бері «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ ЕБ есептеу операцияларын «қытай юаны» валютасымен жүргізуді ұсынып отыр. «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ ЕБ тұтынушыларға юанмен төмендегі қаржылық қызмет түрін ұсынады:депозиттер ашу, валюта айырбастау операциялары, ақша аударымдары, ағымдағы және жинақтау (депозит) есептерін ашу, қаржыландыру, құжаттандыру операцияларын ұсыну т.с.с.

Қазақстанда Қазақстанның ҚХР-мен сауда-экономикалық бірлесудегі аса тығыз байланыста болуы жағдайында, бұл қызмет түрлері валюта таңдауда икемділікті қамтамасыз етіп, тәуекелділікті азайтады, Сізге даму барысында барынша ұтымды мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. «Қазақстандағы Қытай банкі»

АҚ ЕБ юаньмен жұмыс жүргізу операцияларымен жақсы танысқан, жүйелі түрде жетілдірілген, мамандандырылған кадрлармен қамтылған. Біз Сізге юаьнмен операциялар жүргізу сұрақтары бойынша кеңестер беруге әрдайым дайынбыз.

«Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ ЕБ «қытай юаны» валютасымен жүргізілетін операциялар тізбесі


Сауда-саттықты қаржыландыру
Сауда-саттық есеп айырысу және юаньда қаржыландыру Сіздің компанияныз үшін курс бойынша айырмашылық тәуекелінен қорғайды, нық қаржылық өзіндік құнын сақтайды, жұмыстың тиімділігн жоғарылатады. Негізгі продуктілер: импорт бойынша сауда-саттықты қаржыландыру, экспортты қаржыландыру және т.б.

Халықаралық есеп-айырысулар
Шығыс/кіріс аудармаларын іске асыру, импорт және экспорт аккредитивтерін шығару.

Кепілдік міндеттемені шығару/қайта шығару
Кепілдеменің келесідей түрлерін шығару: тендерде қатысу үшін кепілдеме, міндеттемені орындау үшін кепілдеме, аванстық төлемнің қайтарылуына кепілдеме және т.б.

Депозиттік операциялар
Сіз юаньда ағымдағы есепшот ашуыңызға немесе 1 айға, 3 айға, 6 айға, 1 жылға , «қажет болғанға дейін», жедел депозит ашуыңызға болады.
Юаньды конвертациялау  бойынша қызмет түрлері және юаньдағы ақшалай қаражатты басқа депозиттік есепшотқа аудару.

Заңды тұлғалармен жасалатын ақшалай аударымдар туралы қысқаша ақпарат
Аударым туралы өтініште банктің №CNAPS көрсету қажет, бұл нөмірді аударымды алушыдан білуге болады.

Юаньмен ақшалай аударымдарды өткізу уақыты
Толық реквизиттермен аударымдар дүйсенбіден жұма аралығында алматылық уақыт бойынша сағат 14.00-ге дейі жіберіледі. Сенбі, жексенбі және мерекелік күндер жұмыс күні болып есептелмейді.

Валюталық айырбастау операциялары
2010 жылдың 01 сәуірінен бастап біздің Банк юаньмен қолма-қол ақшаны айырбастау қызметін көрсете алады.

Қосымша ақпаратты келесідей телефондар арқылы білуге болады: (727) 258-55-06, 258-38-22, 258-55-10 (ішкі.1106, 1154, 1108, 1144, 1162).

Bank of China Kazakhstan
© 2019 Bank of China Kazakhstan. Барлық құқықтар қорғалған.