Bank of China Kazakhstan - Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдік 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды

Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдік 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды

27 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды. Осы Заңға сәйкес жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша  мемлекеттік кепілдік 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.

       Шетел валютасындағы депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдік сомасы өзгермеді, яғни  5 миллион теңгені құрайды.

       Заң бойынша депозитордың бірнеше депозиттер немесе шоттары болған жағдайда, соның ішінде шетел валютасында, аталған салымдарға мемлекеттік кепілдік беріледі, алайда бір депозиторға бір банк бойынша 10 миллион теңгеден аспайды.

  • Жеке тұлғалардың ұлттық және шетел валютасындағы депозиттері,
  • Ағымдағы шоттағы ақша,
  • Төлем карточкаларын қолдануымен банк шоттарындағы ақшаға кепілдік берілген.

      Ислам банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық 37 екінші деңгейдегі банктер оның ішінде шетелдік банктердің еңшілес банктері, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады.

Сырттың жаңалықтары

04.07.2025
ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті Банк клиенттері! Астана күнін мерекелеуге байланысты «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ 07.07.2025 ж. шілдесінде жұмыс істемейді. 08.07.2025 ж. бастап Банк күнделікті тәртіппен жұмыс істейді.   «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ әкімшілігі...
26.06.2025
Құрметті Клиенттер!

2025 жылдың 01 шілдесінде мереке күніне байланысты CNY, EUR, RUB сатып алу-сату операциясы жүргізілмейтінін хабарлаймыз. Барлық жоспарланған операцияларды алдын ала орындауыңызды сұраймыз....
16.04.2025
Құрметті Клиенттер!

2025 жылдың 18 сәуірі мен 21 сәуір аралығында мереке күндеріне байланысты CNY, EUR, RUB сатып алу-сату операциясы жүргізілмейтінін хабарлаймыз. Барлық жоспарланған операцияларды алдын ала орындауыңызды сұраймыз....
14.02.2025
Хабарландыру!

2025 жылғы 13 қаңтарда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Қытай Банкі» АҚ ЕБ Қазақстанның ұзақ мерзімді эмитенттік дефолт рейтингін «BBB+» деңгейінде растады. Рейтингтер болжамы – Тұрақты...
10.01.2025
Хабарландыру!

Құрметті Банк Клиенттері!  «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ Сізге 2025 жыл 13 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің ISO 20022 халықаралық стандартына көшу туралы хабарлайды. ...
Bank of China Kazakhstan
© 2025 Bank of China Kazakhstan. Барлық құқықтар қорғалған.



Лицензия Банка на проведение банковских и иных операций от 03.02.2020 г. № 1.1.181